«БІЗ ОСЫНДА БОЛДЫҚ» РУБРИКАСЫ

    1 / 10

    📍 Сәкен Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы

    Саяхаттарымыздан, іс-шараларымыздан және ақпараттық турларымыздан естеліктермен бөлісуді жалғастырамыз. Бүгін Шет ауданының Өспен ауылында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына тоқталамыз.

    Мұражай 2007 жылы Успен кенішінің 160 жылдығына орай ашылған. Оның экспозициялары Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына, Өспен өңірінің тарихына, Нілді кенішінің қалыптасуы мен өлкенің белгілі тұлғаларына арналған. Мұнда өңірдің өткенінен сыр шертетін тарихи құжаттар, фотосуреттер және құнды жәдігерлер жинақталған.

    Бұл мұражай - Шет өңірінің тарихын, мәдени мұрасын және белгілі тұлғалардың өмір жолын жақынырақ тануға мүмкіндік беретін орын.

    📸 Фотосуреттер 2026 жылғы 10–11 қыркүйекте өткен JEEP TOUR TO SHET DISTRICT ақпараттық туры барысында түсірілген.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары