Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті кеңейтілген аппарат отырысы өтті

    Жиында күзгі жиын-терім жұмыстарының қорытындысы мен алдағы міндеттер сараланып, Бұрма, Батық және Шет ауылдық округтері аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылған жұмыстар есепке алынды. Сондай-ақ Ақжал кенті мен Ортау ауылдық округі бойынша салық түсімдерін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Отырыс барысында ағымдағы жағдайлар бойынша жылу беру маусымының өту барысы, өрт кезіндегі анықталған фактілер бойынша жүргізілген жұмыстар, «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалысы мен профилактикалық шаралар, көлік салығы және шаруа қожалықтарынан түсетін салық түсімдері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары және БАҚ пен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстар жан-жақты пысықталды. Аудан әкімі барлық бағыттар бойынша жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ және кент әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын қатаң бақылауға алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары