Павлодар қаласының патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылар арасында профилактикалық іс-шара өткізді. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайтын жүргізушілерге ерекше назар аударды.
Заң талаптарын сақтайтын жол қозғалысына қатысушыларға ризашылық білдіру мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері оларға полиция басшылығы атынан алғыс хаттар табыстады.
Алғыс хатта жол қозғалысы ережелерін сақтау әрбір азаматтың жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан маңызды үлесі екені атап өтілген. Жүргізушілерге жауапкершілік танытып, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына құрметпен қарағаны үшін алғыс білдірілді.
Полицейлер барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік басқару кезінде мұқият болуға, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, сондай-ақ жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын орындауға шақырды.
— Жолдағы қауіпсіздік тек полиция қызметкерлерінің жұмысына ғана емес, әрбір жол қозғалысына қатысушыға байланысты. Ережелерді сақтау арқылы біз өзіміздің ғана емес, айналамыздағы адамдардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз, — деді патрульдік полиция қызметкерлері.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









