«ЦИФРЛЫҚ ПРОБАЦИЯ»: ТҮНГІ РЕЙД БАРЫСЫНДА ЕКІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

    Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Тараз қалалық №2 пробация қызметі пробациялық бақылауда тұрған азаматтарға қатысты профилактикалық және бақылау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

    Аталған бағыттағы жұмыстар «Цифрлық пробация» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылуда. Жүйе пробациялық есепте тұрған азаматтардың белгіленген міндеттерді сақтауын қадағалауға, олардың жүріп-тұруын бақылауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

    Кезекті түнгі рейдтік іс-шара барысында пробация қызметкерлері «Цифрлық пробация» жүйесінің көмегімен тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде пробациялық есепте тұрған екі азаматтың белгіленген уақытта тұрғылықты мекенжайында болмағаны анықталды.

    Аталған деректер бойынша тиісті шаралар қабылдау мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыстар жүргізілуде.

    Айта кету керек, пробация қызметінің негізгі міндеттерінің бірі – есепте тұрған азаматтардың белгіленген талаптарды сақтауын бақылау ғана емес, сонымен қатар олардың қайта құқық бұзушылық жасауына жол бермеу, қоғамға бейімделуіне ықпал ету және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

    Осы ретте цифрлық технологияларды қолдану пробациялық бақылаудың тиімділігін арттырып, қызметкерлердің жұмысын жедел әрі нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

    Түнгі рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары