Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (әрі қарай - ҚАЖД) орта және кіші басшы құрамның бос лауазымдарына конкурс жариялайды.
Қылмыстық-атқару жүйесінде еңбек сіңірген жылдары жеңілдік шарттарымен 1 жыл 1,5 жыл болып есептеледі.
Құжаттар хабарландыру шыққаннан кейін он жұмыс күні ішінде төмендегі мекен-жайда қабылданады: 008000, Тараз қаласы, Төле би даңғылы 147 А, анықтама үшін телефон, факс: 8 (7262) 45-11-82, duis.zhambyl.kz.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар қатысады.
Категория |
Еңбек өтіліміне байланысты лауазымдық жалақысы, тенге | |
Азы |
Көбі | |
C – SGU -12 |
166198 |
204403 |
C – SGU - 13 |
153887 |
189262 |
C – SVR - 8 |
153887 |
189262 |
C – SV - 13 |
142488 |
175243 |
1. ҚАЖ департаменті тылдық қамтамасыз ету бөлімінің жүргізуші қызметкері (C–SV–13) (орта басшы құрам) – 1 бірлік.
Департаменттегі қызметтік автокөліктерді жүргізеді,автокөлік құжаттарының толық сақталуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі орта, арнайы орта, жоғары кәсіби, жүргізуші куәлігі, жасы - 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.
2. ҚАЖД № 59 мекемесінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының санитарлық дәрігері (C–SGU-12) (орта басшы құрам) – 1 бірлік.
Қызметтік міндеттері:ҚАЖ мекемелерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қадағалау, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары арнайы орта кәсіби, жалпыорта сертификаттың болуы, жасы - 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.
4. Талас аудандық пробация қызметінің инспекторы(C-SVR-7), (орта басшы құрам) – 1 бірлік.
Қызметтік міндеттері: Қоғамнан оқшаулаусыз жазасын өтеуші адамдарға
қатысты сот үкімдері мен қаулыларын орындайды. Бақылау мерзімдік кәртішкелерді және сотталғандардыңжеке істерін арнайды. Пенитенциарлық пробацияқызметіндегі сотталғандардың мекен-жайларын тексереді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі арнайы орта, жоғары кәсіби, сертификаттың болуы, жасы- 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.
5. ҚАЖД № 25,26,58,59 мекемесінің бақылаушылық қызмет бөлімінің (аға) бақылаушысы (C–SV–13) (кіші басшы құрам) –70 бірлік.
Қызметтік міндеттері:Қамаудағы және сотталғандардыңқашуына және басқада төтенше жағдайды болдырмаудың алдын-алады. Күдіктілермен Сотталғандардың ішкі күн тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Білімі жоғары арнайы орта кәсіби, жалпыорта жасы - 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.
6. ҚАЖД № 58 мекемесінің режим бөлімінің бақылаушысы (C–SV–13) (кіші басшы құрам) –1 бірлік.
Қызметтік міндеттері:Қамаудағы және сотталғандардыңқашуына және басқада төтенше жағдайды болдырмаудың алдын-алады. Күдіктілермен Сотталғандардың ішкі күн тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:білімі орта, жасы - 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









