Ардагерге құрмет – ұрпаққа үлгі

    Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагері Жанбаев Жандос Мұхамеджановичке құрмет көрсету мақсатында департамент қызметкерлері мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы арнайы үйіне барып, жылы жүздесті.

    Кездесу барысында ардагердің құқық қорғау саласындағы көпжылдық қызметі, кәсіби тәжірибесі мен қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, оның еңбек жолы мен қызметтік тәжірибесі бүгінгі жас буын үшін үлкен өнеге екені айтылды.

    Департамент өкілдері ардагерге құрмет көрсетіп, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы адал еңбегі үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде Жанбаев Жандос Мұхамеджанович көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, әріптестеріне ізгі тілегін жеткізді.

    Мұндай кездесулер – аға буын мен кейінгі ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайтып, ардагерлердің еңбегін дәріптеуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

    Ардагерлерге құрмет көрсету – ұрпақ парызы. Олардың өнегелі өмір жолы мен мол тәжірибесі әрдайым кейінгі буынға үлгі болып қала береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары