БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЖЕР МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ САУАЛДАРҒА ЖАУАП БЕРЕДІ

    2 қараша күні сағат 20:00-де OTYRAR телеарнасының тікелей эфирінде «Халық & Билік» бағдарламасы өтеді. Бағдарлама қонағы - Азат Исламов, Шымкент қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы. Тікелей эфир барысында қаладағы жер қатынастары саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланады. Атап айтқанда, жер телімдерін беру тәртібі, жерді заңдастыру, нысаналы мақсатын өзгерту және тұрғындарды толғандырған өзге де сұрақтарға жауап беріледі. Тақырыпқа қатысты сұрақтарыңызды алдын ала немесе эфир барысында төмендегі байланыс нөмірлері арқылы жолдай аласыздар: +7 (7252) 21-44-50 WhatsApp: +7 (700) 577-17-17 (Тікелей қоңыраулар мен жазбаша хабарламалар қабылданады.)

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы" КММ" жаңалықтары