АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 200-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

    1 / 2

    Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде дәстүрлі азаматтарды қабылдау өтті. Тұрғындар жер және тұрғын үй қатынастары, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау және абаттандыру мәселелерін көтерді. Қала тұрғындары жеке өтініштермен қатар мегаполисті дамытуға қатысты ұсыныстарын да білдірді. Атап айтқанда, халықаралық музыка мектебін ашу, су саласына жаңа технологияларды енгізу, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, қалалық ахуалды бақылауға арналған мобильді қосымша әзірлеу және бұқаралық спорт саласында жасанды интеллектіні пайдалану мәселелері сөз болды. Күні бойы қала әкімі, басқарма басшылары мен аудан әкімдері 200-ден астам азаматты қабылдады. Әр өтініш мұқият қаралып, тұрғындарға жан-жақты түсіндірмелер мен тиісті ұсынымдар берілді. Қабылдау қорытындысы бойынша нақты шаралар мен оларды орындау мерзімдері белгіленді. Жауапты тұлғаларға өтініш иелерімен тұрақты байланыста болып, қабылданған шаралардың нәтижесі туралы уақтылы хабарлап отыру тапсырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы" КММ" жаңалықтары