Абай Медғат Мұхитұлы Тараз қаласы №2 МӨСБ бөлімше командирі лауазымында 2017 жылдан бері қызмет атқаруда. Ол 1997 жылы 17 қарашада Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек ауылында дүниеге келген. Әкесі Мұхит бүгінде зейнеткер болса, анасы Розлан апай ауыл мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қадірлі ұстаз. Медғат ауылдағы орта мектепті аяқтаған соң 2013 жылы Тараз мамандандырылған колледжіне оқуға түсіп, 2017 жылы өрт сөндіру инспекторы мамандығында аяқтаған. 2019-2023 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік универститетінде жоғары білім алған. Ол өзінің әріптестерімен бірге бірнеше жанды өрттен құтқарып, құнды мүліктердің жойылуының алдын алуға қомақты үлес қосқан бейбіт күннің батыры десек еш қателеспейміз. Мысалы, 2022 жылы Тараз қаласындағы «Эврика» сауда үйінде өрт оқиғасы орын алғанда, Медғат бастаған құтқарушылар өрт сөндіру жұмыстарына белсене қатысып, қызыл жалынның одан әрі жақын жерде орналасқан тұрғынүйлерге таралуының алдын алған. Ол сондай-ақ спортты жаны сүйетін азамат. Медғат бүгінде ҚР ТЖМ футболдан құрама командасының белді мүшесі. «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» деген атақтары мен түрлі сипаттағы марапаттары жетерлік. Бүгінде ол шаңырақ көтерген. Екі бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Қызметіне адал, ширақ әрі белсенді азаматтар ортамызда жүргенде еліміздің алар асулары әлі алда екендігіне бек сенімдіміз.
Жамбыл облысы ТЖД









