
«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жер қатынастары басқармасының басшысы Азат Исламов әріптестерімен бірге азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар жер учаскелеріне қатысты түрлі мәселелерін айтып, өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салды. Қабылдау барысында бірқатар өтінішке сол жерде тиісті түсініктемелер беріліп, кейбір мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданды. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер хаттамаға енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауға алынды. Азаматтардың өтініштерін қарау және көтерілген мәселелердің шешімін табуына ықпал ету бағытындағы жұмыс жалғаса береді.









