Ерлікке – тағзым, есіміне – құрмет

    1 / 4

    Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне тағзым етіп, оның жарқын бейнесін еске алу рәсіміне қатысты.

    Іс-шара Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы саябақта орналасқан батыр ескерткішінің алдында өтті. Тағзым шарасына Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, сала ардагерлері және өзге де құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

    Жиын барысында қатысушылар батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның рухына тағзым етті. Сондай-ақ қызметтік міндетін атқару барысында ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовты бір минут үнсіздікпен еске алды.

    Ғазиз Байтасовтың есімі – Отанға деген адалдықтың, қайсарлық пен батылдықтың, қызметтік борышқа беріктіктің жарқын үлгісі. Ол өз өмірін қатерге тіге отырып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында ерлік көрсетті. Оның қайсарлығы мен отансүйгіштік қасиеті бүгінгі және келешек ұрпақ үшін өнеге болып қала бермек.

    Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері үшін де Отанға адал қызмет ету, заңдылық пен тәртіпті сақтау, өз міндетіне жауапкершілікпен қарау – басты қағидаттардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда, Ғазиз Байтасовтың ерлігі әрбір қызметкерге үлкен жауапкершілік жүктеп, кәсіби борышына адал болуға үндейді.

    Мұндай тағзым шаралары – батырлардың есімін ұлықтап қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, елге қызмет етудің қадірін түсіндіруге бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі.

    Ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігі жолында жанын қиған батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олардың есімі халық жадында мәңгі сақталып, ерлік жолы кейінгі ұрпаққа үлгі бола бермек.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары