Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған қоян-қолтық ұрыстан облыстық турнир өтті. Жарысты Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды.
Спорт алаңында өңірдің күштік құрылымдары мен құқық қорғау органдарының өкілдері бас қосты. Үздік атану жолында 9 команда бақ сынап, олардың құрамында 74 қызметкер өнер көрсетті. Жарыстар сегіз салмақ дәрежесі бойынша өтті.
Қатысушылар жоғары физикалық дайындықтарын, жауынгерлік шеберліктерін, төзімділіктері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Жекпе-жектер тартысты жағдайда өтіп, әрбір спортшы үздік нәтижеге қол жеткізуге бар күшін салды.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте орындар төмендегідей бөлінді:
I орын — Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің командасы;
II орын — Павлодар облысының Полиция департаментінің командасы;
III орын — Павлодар облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің командасы.
Сонымен қатар «Турнирдің үздік жауынгері», «Үздік техника» және «Турнирдің үздік жекпе-жегі» арнайы номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Мұндай жарыстарды өткізу спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға, күштік құрылымдар өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ патриотизм мен командалық рухты дамытуға ықпал етеді.
Ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, барлық қатысушыларға жаңа спорттық жетістіктер, қызметте табыс және алдағы уақытта толағай жеңістер тіледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









