1 / 9
Павлодар облысында қолма-қол ұрыстан облыстық турнирдің мандаттық комиссиясы өтті.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жарысқа дайындық аясында комиссия барысында қатысушылардың құжаттары тексеріліп, командалардың құрамы бекітілді.
Жарыс 19 қараша күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер арасында өтеді. Мықтылар атағы үшін 77 қатысушыдан құралған 9 команда бақ сынайды.
Турнир спортты кеңінен насихаттауға, жолдастық қарым-қатынасты нығайтуға, командалық рухты дамытуға және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









