Баянауыл ауданында құтқарушылар адасып кеткен ер адамды бір сағатқа жетпей тапты

    Түнде Павлодар облысының «112» пультіне 1989 ж.т. ер адамнан хабарлама келіп түсті. Ол Баянауыл ауылынан Ж. Аймауытов ауылы бағытында келе жатып, жолдан адасып кеткенін хабарлаған. Аталған елді мекендердің арақашықтығы шамамен 70 шақырымды құрайды. Іздестіру жұмыстарына ТЖМ және ПД қызметкерлері дереу жұмылдырылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары 50 минут ішінде сәтті аяқталды. Құтқарушылар ер адамды Ж. Аймауытов ауылынан 30 шақырым қашықтықтан тапты.
    Ер адам зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж болмады.
    ТЖМ ескертеді: төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыздар.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары