ТЖМ қызметкері Әбу-Дабиде джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

    1 / 3

    Павлодар облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бас маманы Қадырбек Ербол джиу-джитсудан өткен Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship 2026 беделді халықаралық турнирінің қола жүлдегері атанды.

    Чемпионат 9-19 қараша аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп, оған әлемнің 130 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысты. Олардың 5 мыңнан астамы шетелден келген атлеттер.

    Қадырбек Ербол 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, көк белбеу иегерлері арасындағы Master 4 санатында өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша құрметті үшінші орынға ие болды.

    Осындай жоғары деңгейдегі чемпионатқа қатысып, жүлделі орынға қол жеткізу – табанды жаттығулардың, қайсар мінездің және жаңа жетістіктерге деген ұмтылыстың нәтижесі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары