Дайындық білімнен басталады: Павлодар өңірінде «ТЖ-дан бір қадам алда» жобасы жүзеге асырылуда

    1 / 4

    Екібастұз қаласында Павлодар облысының әлеуметтік-волонтерлік бастамаларына арналған шағын гранттар бағдарламасы аясында «Төтенше жағдайлар кезіндегі волонтерлік» бағыты бойынша «ТЖ-дан бір қадам алда» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны Қазақстан Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар филиалы ұйымдастырды.

    Жобаның мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге және алғашқы көмек көрсетуге дайын мобильді еріктілер тобын қалыптастыру және оқыту.

    Жоба аясында Қызыл Жарты Ай қоғамының қызметкерлері Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы өкілдерімен бірлесіп, оқытушылар командасына арналған оқу-жаттығу өткізді.

    Қатысушылар алғашқы көмек көрсету дағдыларын, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін және қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету тәсілдерін меңгерді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары