Павлодар облысында үздік бөлімше командирі анықталды

    1 / 9

    Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өңірдің өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері қызметкерлері арасында «Үздік бөлімше командирі» атты облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

    Байқауға қатысушылар теориялық білімдерін, дене дайындығын, практикалық дағдыларын және жедел шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті.

    Бөлімше командирі – өрт сөндірушілердің тікелей басшысы. Ол жеке құрамның жұмысын ұйымдастыруға, тәртіп пен қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауап береді. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудің тиімділігі көбінесе оның кәсіби шеберлігі мен сауатты шешімдеріне байланысты.

    Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

    1-орын – Павлодар қаласы ТЖ басқармасының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау аға сержанты Жұмабеков Тамерлан.

    2-орын – Аққулы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №18 өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау сержанты Еренғайып Жанибек.

    3-орын – Ақтоғай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №15 өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау сержанты Анас Мадияр.

    Мұндай іс-шаралар кәсіби шеберлікті арттыруға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін нығайтуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары