1 / 7
2026 жылғы 6 қарашада Талдықорған қаласының орталық Арбатында тұрғындар арасында Open Air форматында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараны маман-теолог Ж. Әділұлы мен М. Қалтай жүргізді.
Кездесу барысында тұрғындарға діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар қала тұрғындарына аталған тақырыптар аясында әзірленген ақпараттық-танымдық материалдар таратылып, қоғамда діни сауаттылықты қалыптастыру мен рухани құндылықтарды нығайтудың маңыздылығы түсіндірілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









