1 / 4
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және этикалық мәдениетін арттыру мақсатында Жетісу облысының Дін істері басқармасы мен басқармаға қарасты Орталық қызметкерлерінің қатысуымен «Қызметтік әдеп және мүдделер қақтығысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Ғабит Тұрсынбаевич қызметтік әдептің негізгі қағидаттары, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын талаптар, сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу тетіктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебін сақтау, қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқару және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.









