«Дәстүрлі діндердің негізгі қағидалары және жалған ағымдардың белгілері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

    1 / 4

    2026 жылғы 23 қазанда сағат 11:00-де Талдықорған қаласындағы «Авиценна» колледжінің студенттерімен «Дәстүрлі діндердің негізгі қағидалары және жалған ағымдардың белгілері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

    Шараны Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог-психолог Қанат Маратұлы Мутебаев өткізді.

    Кездесу барысында маман дәстүрлі діндердің негізгі қағидалары мен діни сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, жалған діни ағымдардың белгілері және олардың қоғам мен жеке тұлғаға тигізуі мүмкін қауіптері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар студенттерге діни ақпаратты саралай білу, ақпарат көздерінің сенімділігін тексеру, күмәнді мәліметтерге сын көзбен қарау және теріс діни ықпалдардан сақтану қажеттігі түсіндірілді.

    Іс-шара аясында қатысушыларға тақырыпқа қатысты ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

    Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діни құндылықтар туралы түсінігін кеңейту және жалған діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдарын түсіндіру.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы дін істері басқармасы" жаңалықтары