Бүгін «Бірлік пен өзара түсіністік – ел тұтастығының негізі» тақырыбында өткен Діни бірлестіктер жетекшілері клубының қорытынды жиыны екінші бөлімде «Бірлік әуені» атты шығармашылық кешпен жалғасты.
Конфессияаралық сыйластық пен өзара түсіністікті нығайтуды, ортақ ұлттық дәстүрлерді дәріптеуді және қоғамдағы ынтымақты дамытуды мақсат еткен игі шараға әртүрлі діни бірлестіктерден құралған 8 команда қатысты. Өнерпаздар 3 кезеңнен тұратын тартысты сайыста бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша оқ бойы озық шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен арнайы Алғыс хаттар табысталды.
Ынтымағы жарасқан Жетісу жерінде бірлік пен достық әрдайым арта берсін!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









