Бүгін облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовтің қатысуымен «Бірлік пен өзара түсіністік – ел тұтастығының негізі» тақырыбында Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының қорытынды жиыны өтті.
Дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылған басқосуда ел бірлігі мен қоғам тұрақтылығы, дінаралық татулық және әр азаматтың сеніміне құрметпен қарау мәселелері талқыланды.
Дін өкілдері «Заң мен тәртіп», «Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт» және «Адал азамат» қағидаттарын басшылыққа ала отырып, жамағат арасында отансүйгіштік, заңға құрмет, адалдық пен жауапкершілік сынды құндылықтарды дәріптеу маңызды екенін атап өтті. Бұл қасиеттерді, әсіресе, жастардың бойына сіңіру қажеттілігіне баса назар аударылды.
Сонымен қатар дін өкілдері Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Кітап оқитын ұлт» марафонына белсенді қатысуға шақырылды.
Іс-шара соңында аймақтағы діни тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі, еселі еңбегі мен ұзақ жылғы мінсіз қызметі үшін бірқатар азаматқа Алғыс хаттар табысталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









