ТЖМ авиациясы санитариялық рейсті сәтті орындады

    ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағымен медициналық көмекке мұқтаж әйел адамды жедел жеткізу үшін Павлодар - Ертіс - Павлодар бағыты бойынша шұғыл санитариялық рейс орындалды.

    Әуе кемесінің экипажы белгіленген бағыт бойынша жедел ұшып шықты. Санитариялық авиацияның медициналық бригадасы ұшу барысында науқастың жағдайын тұрақты бақылауда ұстады.

    Қонғаннан кейін науқас әрі қарай қажетті медициналық көмек көрсету үшін медицина мамандарына тапсырылды.

    112 — әрдайым қасыңызда!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары