Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарда профилактикалық бақылау жүргізуде.
Бақылау іс-шаралары барысында өндірістік нысандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына, өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің техникалық жай-күйіне, алғашқы өрт сөндіру құралдарының бар-жоғы мен жарамдылығына, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде жабдықтардың жедел қолдануға дайындығына ерекше назар аударылады.
Мамандар технологиялық қондырғыларды, сорғы станцияларын, құбыр желілері мен өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін тексеруде.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты — өрттер мен өзге де төтенше жағдайлардың алдын алу, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіпорынның үздіксіз жұмысын сақтау.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









