МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

    1 / 9
    Сарыағаш ауданынде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға арналған мәжіліс өтті.
    Жиынды аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев жүргізіп, Президент Жолдауында айқындалған міндеттердің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамның жаңғыруындағы маңыздылығына тоқталды.
    Мәжілісте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Мажинбеков Сакен Аралбайұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Экология және химия» кафедрасының доценті, PhD Нұрлыбек Әбдімүтәліпұлы,Түркістан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Керімбеков Құрмет Балқыбекұлы, Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің «IT және бухгалтерлік есеп» кафедрасының жетекшісі Сағымбаев Анвар Алгазиевич және аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, №13 «Мәңгілік ел» мектебінің мұғалімі Ермаханбетова Жамила Еркиновна баяндама жасап, өз пікірлерін ортаға салды.
    Баяндамаларда Жолдауда көтерілген экономиканы жаңғырту, білім беру жүйесін дамыту, цифрландыру, инвестициялық әлеуетті арттыру және қоғам алдындағы өзекті міндеттер түсіндірілді.
    Жиын барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, баяндамашылардан тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ Жолдауда белгіленген басым бағыттарды жүзеге асыруда қоғам өкілдерінің белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді.
    Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбілдәұлы Жолдауда айқындалған міндеттерді сапалы орындау, оның негізгі бағыттарын тұрғындар арасында кеңінен насихаттау және ауданның дамуына әрбір азаматтың үлес қосуы қажеттігін жеткізді.
    Президент Жолдауы – ел болашағына бағытталған маңызды міндеттер жиынтығы. Оны жүзеге асыру – баршамызға ортақ жауапкершілік!
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары