1 / 4
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне жұмыс сапары барысында Құлтума елді мекеніндегі көпірге жүргізілген жөндеу жұмыстарымен танысты.
Аталған көпір елді мекеннің кіреберісіндегі С.Сейфуллин көшесінде орналасқан. Бүгінгі таңда ені 3 метрді құрайтын көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды.
Аудан басшысы нысанды аралап, атқарылған жұмыстардың сапасын тексеріп, көпірдің қазіргі жағдайымен танысты.
Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынауын қамтамасыз етуге және елді мекеннің жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









