САРЫАҒАШ: ҚҰРКЕЛЕС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СПОРТ ЖӘНЕ WORKOUT АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

    1 / 13
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде спортты дамытуға, спорттық инфрақұрылымның балаларға барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінуде. Осы бағытта Құркелес ауылдық округі,Дастан елді мекенінде заманауи спорт және Workout алаңшасы бой көтерді. Аталған спорт алаңшасына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, ашылу салтанатына қатысты.
    Бұл мемлекетіміздің ел келешегін, ұрпақ болашағын қамдастырып отырған салиқалы саясатының жарқын көрінісі. Тәуелсіз Отанымыздың тұғырлы, ғұмырлы болуы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Білімді, ойлы, ақылды, спортты сүйетін, жаны таза, денсаулығы мықты жас ұрпақ қалыптастырсақ, ойымыздың орындалғаны, мақсат-мүддеміздің жүзеге асқаны деп білеміз. Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған алаңша спортты сүйетін қалың жұртшылықтың, әсіресе, жастардың қымбатты ордасына айналсын! Жастайынан денесі шымыр болып өскен баланың денсаулығы да мықты болады. Ал дені сау ұрпақ – мемлекет келешегі. Келешекте республикамыздың намысын қорғайтын Азия, Әлем, Олимпиада чемпиондары шықсын! – деді аудан басшысы.
    Айта кетсек, аталған спорт алаңшасы аудандық бюджет есебінен салынды. Жалпы ауданы 0,10 гектарды құрайтын спорт алаңшасында кіші футбол алаңы, автотұрақ, сонымен қатар Workout-пен (жаттығу алаңшасымен) жабдықталып, балаларға арналған ойын әткеншетері орнатылған. Мұнда жақын маңда тұратын балалар волейбол, футболдан сайысып, қосымша спорт түрлерімен де айналыса алады.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары