1 / 18
Сарыағаш ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және өскелең ұрпақ арасында зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Есірткісіз болашақ» атты ауқымды жастар форумы өтті.
Аталған іс-шараның басты мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы нөлдік төзбеушілік қалыптастыру және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Форумға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдері, психологтар, қоғам белсенділері, еріктілер, мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.
Кездесу барысында спикерлер синтетикалық есірткілердің адам ағзасына тигізетін орны толмас зияны мен заңсыз есірткі айналымы үшін көзделген қатаң қылмыстық жауапкершілік туралы видеороликтер арқылы түсіндірілді.
«Жастар — еліміздің ертеңі. Олардың дені сау, санасы сергек, құқықтық мәдениеті жоғары болуы — ортақ міндетіміз. Бүгінгі форум жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беріп, жаман әдеттерден аулақ болуға үлкен септігін тигізеді деп сенеміз», — деді ұйымдастырушылар.
Іс-шара соңында қатысушылар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








