1 / 4
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ForteBank облыстық филиалының директоры Зәмзагүл Азатованы қабылдады.
Кездесу барысында аудан аумағында банк қызметтерінің қолжетімділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және қаржы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі Сарыағаш ауданында "ForteBank" филиалын ашу жөнінде ұсыныс білдіріп, бұл бастаманың тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттырудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау бағытында бірлескен жұмысты жандандыру қажеттігіне тоқталды.
Кездесу қорытындысында тараптар аудан аумағында банк филиалын ашу мүмкіндіктерін қарастырып, алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









