Француз музыканты Қарағанды музыкалық комедия театрының әртістерімен бірге өнер көрсетеді

    Джаз, симфониялық оркестр және әлемдік хиттер – Қарағанды мен Теміртау тұрғындары француз джаз музыканты Мелвин Трэвис пен Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының солистері Елена Федорова мен Евгений Ерёмичевтің қатысуымен өтетін концерттерге шақырылады.

    Көрермендерді қазақ әндері мен әлемге әйгілі хиттерден тұратын музыкалық бағдарлама күтіп тұр. Таныс композициялар джаз, академиялық вокал және симфониялық оркестрдің қуатты дыбысын біріктіретін бірегей аранжировкаларда орындалады.

    Концертке сондай-ақ театр хоры мен балетінің әртістері де қатысады. Дирижерлік пульт артында – Алексей Гусак.

    Концерттер: 20 қарашада – Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында; 24 қарашада – Теміртау мәдениет сарайында.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары