1 / 16
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс деңгейін жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының жеке мәселелері қаралып, оларды шешу жолдары талқыланды. Тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, аудан басшысының ашықтық танытып, нақты мерзімдерді атап өткеніне ризашылықтарын білдірді.
Құркелес ауылдық округінде 2026 жылдың 9 айында әлеуметтік қолдау, инфрақұрылымды дамыту және елді мекендерді абаттандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 114 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, Алғабас елді мекенінде ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. Еңкес және Дастан елді мекендерінде ашық футбол және воркаут алаңдарының құрылысы аяқталып, Ақниет және Жаңаталап елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Береке елді мекенінің 9 көшесіне тас-шағал төселді. Жаңаарық елді мекеніндегі 5 көшенің жалпы ұзындығы 3,4 шақырым жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал Жылысу елді мекеніндегі 2 көшенің жалпы ұзындығы 2,06 шақырым жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Жаңаарық елді мекенінде 2,9 шақырым электр желілері жаңартылды. Құлтума елді мекеніндегі көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Келес елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ақ үй елді мекеніндегі «Дастан» қашыртқысының 20 метрлік бөлігін бетондау жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, округ аумағында абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







