12 қараша күні Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев №175 мектепте тұрғындармен кезекті кездесу өткізді.
Кездесуде аудан тұрғындары күнделікті өмір сапасына әсер ететін бірқатар өзекті мәселені көтеріп, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Негізгі назар инфрақұрылымды дамыту мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға аударылды. Атап айтқанда, көшелер мен аулаларға жарықтандыру бағаналарын орнату, жаяу жүргіншілер жолдарын салу, қоғамдық көлік бағыттарындағы автобустар санын көбейту, ағаштарды кесу және санитарлық қырқу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар әлеуметтік қолдау шараларына қатысты сұрақтар көтеріліп, тұрғындарға қолданыстағы бағдарламалар мен көмек көрсету тетіктері бойынша түсіндірмелер берілді.
Білім беру саласына қатысты да ұсыныстар айтылды. Тұрғындар оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, жасанды интеллект технологияларын меңгеруіне жағдай жасау және заманауи білім беру мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін қозғады.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға жауапты мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызмет өкілдерінен түсіндірмелер алды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, жауапты сала мамандарына тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









