Бас консул Дағыстан Республикасы Халық Жиналысының Төрағасымен кездесу өткізді

    1 / 2

    IV Халықаралық Каспий цифрлық форумы аясында (Каспийск қаласы, Дағыстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулы Қанат Хасенов Дағыстан Республикасы ХалықЖиналысыныңТөрағасы Заур Аскендеровпен кездесті.

    Басконсул Қазақстанның жаңа Конституциясының негізгі ережелері, Құрылтайдағы сайлау қорытындылары және мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалар туралы хабардар етті. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына ерекше назар аударылды.

    Әңгімебарысында біздің елдеріміз арасында парламентаралық өзара іс-қимылды қоса алғанда, барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықтың берік моделі құрылғаны атап өтілді.

    Тараптар Халық Жиналысы мен Қазақстандағы жергілікті өкілді органдар арасындағы ынтымақтастықмәселелерінталқылады.

    Кездесу қорытындысы бойынша жан-жақты ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулдығы" жаңалықтары