Біздің оқушылар – үздіктер қатарында! Республикалық олимпиадаға бастар жол

    1 / 3

    2026 жылғы 13 қарашада Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында ауыл мектептерінің 9–11 (12)-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

    Облыстық кезеңге біздің ауданнан 7 оқушы қатысты: Кеңес орта мектебінен – 5 оқушы, Ақан - Барақ орта мектебінен – 1 оқушы және Жалпы білім беретін мектептен – 1 оқушы.

    Олимпиада қорытындысы бойынша ауданымыздың екі оқушысы Солтүстік Қазақстан облысының атынан республикалық кезеңде өнер көрсету құқығына ие болды:

    Мусина Гульнар – Жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы;
    Жұмаш Ерхан – Кеңес орта мектебінің 11-сынып оқушысы.

    Бұл айтулы жетістік – оқушылардың мақсатқа ұмтылысы, еңбекқорлығы мен табандылығының, сондай-ақ ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен тәлімгерлердің қолдауының нәтижесі.

    Жас зияткерлерімізді және олардың ұстаздарын лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Гульнар мен Ерханға өз күштеріне деген сенімділік, республикалық кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, жаңа жеңістерге жетулеріне тілектеспіз!

    Оқушыларымызды мақтан тұтамыз! Алда әлі талай биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Шал ақын ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары