2026 жылғы 9 қарашада Шал ақын ауданының білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқушылары «Су ізі: әр адамның жауапты таңдауы» тақырыбындағы республикалық экологиялық сағатқа онлайн форматта қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, су ресурстарын ұтымды пайдалану және суды үнемдеуге деген жауапкершілігін арттыру.
Экологиялық сағат аясында қатысушылар су үнемдеу тақырыбындағы интерактивті ойындарға қатысып, ашық диалог тыңдап, «ЭКО ART: жасыл идеялар шеберханасы» жобасымен және мектеп жылыжайының жұмысымен танысты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Салимов пен Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі Кристин Хонеггер қатысты.
Мұндай танымдық іс-шаралар оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, су – тіршіліктің негізі екенін терең түсінуге ықпал етеді.
Суды үнемдеу – әр адамның жауапты таңдауы! Табиғатты қорғау бүгіннен басталады!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









