Сайрам ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы Е. Киргизов атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша келіп түскен арыз-шағымдардың санын азайту мақсатында азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтарға сот актілерінің орындалуына қатысты борышкерлер мен өндіріп алушылардың құқықтары мен міндеттері, өндіріп алушының өтініші негізінде атқару құжаты бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғау тәртібі, сондай-ақ алимент өндіру мәселелері бойынша жан-жақты құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті кеңестер берілді.
Мұндай қабылдаулар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және атқарушылық іс жүргізу саласындағы мәселелерді уақытылы шешуге бағытталған.
#ЗаңМенТәртіп #Әділет #ҚұқықтықСауаттылық #ТүркістанОблысы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









