Дөңгелек үстел

    Жетісай ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінде бөлім басшысы – аға сот орындаушысы А. Қалдарбековтің төрағалығымен дөңгелек үстел өтті.
    Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, оның алдын алу және жолын кесу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтау, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру және азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
    Дөңгелек үстел барысында «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді белгіленген мерзімде көрсету, мерзімдерді бұзу фактілеріне жол бермеу және осы саладағы заңнама талаптарының сақталуы мәселелері қаралды.
    Кездесу барысында бөлім қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу және оларды болдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Іс-шара қорытындысы бойынша қызметкерлерге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты, ашықтықты, әдептілік пен жауапкершілікті қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.

    #ЗаңМенТәртіп #Әділет #СыбайласЖемқорлыққаҚарсыІсҚимыл #МемлекеттікҚызмет #Әдеп ТүркістанОблысы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары