Сауда орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді

    2026 жылғы 6 қарашада Түркістан облысының Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы Т. Кенжеханова сауда орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Іс-шара барысында кәсіпкерлерге тауар белгілерін тіркеу, географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғау, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі «Зияткерлік меншікті қорғау» көрсеткіші бойынша ақпарат берілді.
    Сонымен қатар, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау, тауар белгілерін заңсыз пайдаланудың алдын алу және кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне назар аударылды.
    Мұндай түсіндіру жұмыстары зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыруға және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық білімін арттыруға бағытталған.

    #ЗаңМенТәртіп #ЗияткерлікМеншік #ТауарБелгісі #ГеографиялықНұсқама #Әділет #ТүркістанОблысы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары