22-23 қазан күндері Республика күніне орай аудандық «Тарих қадамдары» аймақтық интеллектуалдық сайысы 5-6 сыныптар арасында өткізілді. Интеллектуалдық сайысы оқушылардың Қазақстан Республикасының тарихы мен рәміздері туралы білімдерін арттыру, сондай-ақ патриотизм мен мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін дамыту мақсатында өткізілді.
Бірінші аймақтық кезең Май ОМ, Саты НОМ және А.Иманов атындағы МЛ ұйымдастырылып өткізілді. Жалпы қатысушылар саны – 65.
Аймақтық сайыс қорытындысы бойынша: 1 орын иегерлері
Жалтыр ОМ «Азат рухы» командасы, жетекші Бектурған Назгүл Табиғатқызы;
Саты НОМ «Жас Тұлпар» командасы, жетекшісі Кайргазина Асем Молдашевна;
Ақжар ОМ «Smart дәуір» командасы, жетекшісі Омарбекова Інжу Толеубековна;
Сайыс барысында 2,3 орын иегерлерін және сертификат алған командалар мен жетекшілерін құттықтаймыз.
1 орын алған командалар алдағы уақытта Аудандық Оқушылар үйінде өткізілетін аудандық кезеңде бақ сынасады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









