Мектепке дейінгі ұйымдарға әдістемелік қолдау көрсетілді.
Май ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты мамандарына арналған түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шараға Май аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Г. К. Бекмуханбетова қатысты.
Кездесу барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу мақсатында «Е-лицензиялау» порталына қажетті құжаттарды жүктеу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, құжаттарды рәсімдеу және электрондық портал арқылы өтінім беру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарға әдістемелік қолдау көрсету, құжаттарды рәсімдеу барысында туындайтын мәселелердің алдын алу және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу процесін тиімді ұйымдастыру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









