Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған семинар өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған семинар өтті
    Май ауданында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру: тәрбие-білім беру процесін тиімді ұйымдастыру» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
    Семинар барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мектепке дейінгі ұйымдардың тиімді дамуына қажетті жағдайлар жасау және ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
    Сонымен қатар, аталған бағыттар бойынша құрылған мобильді топтың жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланып, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер мен жұмыс бағыттары айқындалды.
    Семинар мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы тәжірибе алмасуды нығайтуға бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары