Ағымдағы жылдың 22 қазан күні Республика күні қарсаңында Ерсін Мұқашев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 1986 жылғы түлектері ұлттық спортты қолдау және дәріптеу мақсатында игі бастама көтерді.
Әкімбек Қалиакпарұлы Темірғалинов бастаған мектеп түлектері білім ордасына асық атуға арналған кілем, асықтар, сақалар және қыз балаларға арналған бес асық ойынының құрал-жабдықтарын сыйға тартты.
Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, жас ұрпақтың бойына халқымыздың дәстүрлі спорт түрлеріне деген қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған бұл бастама — көпке үлгі боларлық игі іс. Осындай сауапты бастамалар ауданымыздың барлық мектептерінде жалғасын табады деген сенімдеміз.
Мектеп директоры Гүлдара Балтабекқызы мектеп түлектеріне шынайы ризашылығын білдіріп, ұлттық спорттың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтты.
Қайырымды істеріңіз көпке үлгі болып, еңбектеріңіз еленіп, жұмыстарыңыз жемісті болсын, жомарт жандар! Мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!
Ауданымызда ұлттық спорт түрлері қанат жайып, жас ұрпақ арасында кеңінен дамып, ұлттық құндылықтарымыз ұлықтала берсін!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









