Талдықорған қаласында көпқабатты тұрғын үйлерде өрт оқиғалары жиілеп отыр. Тек осы апта ішінде осындай екі өрт тіркелді. Бұл жағдайлар тұрғындардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауы қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетеді.
Өрттің туындауына көбіне аз қуатты тұтану көзінің әсері себеп болуы мүмкін. Алайда кейде қарапайым ғана абайсыздықтың өзі үлкен қауіпке ұласатынын естен шығармаған жөн.
Осыған байланысты Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Үйден шығарда электр құрылғыларын тоқ көзінен ажыратыңыз. Электр желісіне шамадан тыс күш түсірмеңіз, зақымдалған сымдар мен розеткаларды пайдаланбаңыз. Электр құралдарын қосулы күйде қараусыз қалдырмаңыз.
Есіңізде болсын, өрт қауіпсіздігі – тек өз өміріңізге ғана емес, көршілеріңіздің де қауіпсіздігіне деген жауапкершілік. Бір сәттік салғырттық орны толмас жағдайға әкелуі мүмкін.
ТЖМ ескертеді: өрттің алдын алу – әр тұрғынның міндеті. Қауіпсіздікке бейжай қарамаңыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









