Қазақстанда қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы жетілдіру мәселелеріне арналған өңіраралық кездесулер өтіп жатыр. Петропавл мен Түркістанда өткен алғашқы аймақтық кездесулерге қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, сарапшылар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесулердің негізгі мақсаты – өңірлердің ұсыныстарын жинау, қоғамдық кеңестердің жұмыс тәжірибесін ескеру және олардың қызметін заңнамалық тұрғыдан реттеуді жетілдіру жолдарын айқындау.
Қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктері, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру, азаматтардың қоғамдық үдерістерге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту және қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелеріне баса назар аударылып отыр.
Қатысушылар қоғамдық мониторинг жүргізу, қоғамдық тыңдаулар өткізу, қоғамдық сараптама жасау және мемлекеттік органдардың есептерін тыңдау сияқты қоғамдық бақылау нысандарын іс жүзінде қолдану мәселелерін де талқылады.
Кездесулерді өңіраралық деңгейде өткізу түрлі облыс өкілдерінің ұстанымдарын ұштастыруға және заңнамалық өзгерістерді әзірлеу барысында өңірлік ерекшеліктерді ескеруге мүмкіндік береді.
Талқылаулардан кейін келіп түскен ұсыныстарды жүйелеп, жинақтау, олардың негізінде қорытынды құжат әзірлеп, уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдау жоспарланып отыр.
Жұмыс еліміздің өзге өңірлерінің өкілдері қатысатын диалог алаңдарында жалғасады.
Талқылаулар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоғамдық кеңестердің қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру жөніндегі жобасы аясында өткізіліп жатыр.
Бұл жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында берген тапсырмасына сәйкес басталды.
Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық кеңестердің қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









