Павлодар қаласының жоғары Инновациялық көпсалалы колледжінде лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша 1 курс студенттерімен профилактикалық кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттерге құмар ойындарға қатысу қаупі, ойынға тәуелділіктің салдары және оның алдын алу жолдары туралы айтылды. Өз болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және қаржылық сауаттылықты арттыруға ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









