Ақсу қаласының Қара металлургия колледжінде жастар арасында электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) пайдалану мен заңсыз таратудың алдын алуға бағытталған профилактикалық форум өтті.
Іс-шараға Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексерудепартаментінің, Ұлттық волонтерлік желінің өкілдері, сондай-ақ "заң және тәртіп"идеологиясының елшілері қатысты.
Спикерлер вейптердің денсаулыққа кері әсері, оларды қолданудың ықтимал салдары туралы айтып берді, сондай-ақ заңнамалық шектеулер мен электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті түсіндірді.
Іс-шара колледждің 200-ге жуық студенттері мен оқытушыларын біріктірді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









