«Заң және тәртіп» Ұлттық бастамасын іске асыру аясында гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері үшін «Toraigyrov University» КЕАҚ-да лудоманияның алдын алуға арналған профилактикалық дәріс өтті.
Департамент өкілі ойынға тәуелділіктің пайда болу себептері, оның белгілері мен жеке өміріне, оқуына және қаржылық әл-ауқатына тигізетін зардаптары туралы айтып берді. Кездесу барысында құмар ойындардың қауіптілігі мен олардың адамдардың тағдырына әсерін нақты ашатын деректі фильм көрсетілді.
Іс-шараға 50 студент қатысты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









