2026 жылғы 9 қазанда Алтай ауданының әкімі Е.Т. Тұраров елді мекендегі құрылыс жұмыстарын ретке келтіру, қала құрылысы саясатын жетілдіру және инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді

    1 / 3

    Кеңес барысында Бас жоспарға түзетулер енгізу, жер учаскелерінің нысаналы пайдаланылуын талдау, қала құрылысы нормалары мен талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ инженерлік желілер мен жол инфрақұрылымын дамыту және аумақты одан әрі абаттандырудың басым бағыттарын айқындау мәселелері қаралды.
    Сонымен қатар аудан бюджетін орындау, инвестициялық жобаларды іске асыру, ауыл шаруашылығын дамыту, егін жинау науқанының қорытындылары, мал шаруашылығының жай-күйі және жемшөппен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының жылыту маусымына дайындығы, коммуналдық желілер мен автомобиль жолдарының жағдайы, көшелерді жарықтандыру және елді мекендерді абаттандыру мәселелері талқыланды.
    Әлеуметтік салада мектептер, балабақшалар, медициналық және әлеуметтік мекемелердің жай-күйі мен қызметін ұйымдастыру, кадрлармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ халықты толғандыратын өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
    Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімінің жауапты орынбасарлары мен тиісті бөлімдердің басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, оларды орындау мерзімдері белгіленді. Ағымдағы жағдайға жан-жақты талдау жүргізуге, қажетті есептеулер мен негізделген ұсыныстар әзірлеуге, тапсырмалардың орындалуын бақылауды күшейтуге және анықталған кемшіліктерді уақтылы жоюға баса назар аударылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алтай ауданының әкімдігі" жаңалықтары