Ақмолалық құтқарушылар Құтқарушылар күні қарсаңында үздіктерді анықтады

    1 / 7

    Құтқарушылар күні қарсаңында Ақмола облысында төтенше жағдайлар бөлімшелері қызметкерлері арасында спорттық жарыстар өтті. Іс-шараның мақсаты – дене шынықтыру даярлығын жетілдіру, командалық рухты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.

    Бурабай ауданында үздік атану үшін Көкшетау қаласының, Зеренді, Бұланды, Бурабай аудандарының, Біржан сал ауданының, сондай-ақ Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының командалары бақ сынады.

    Ақкөл ауданында өткен жарыстарға Ақкөл, Шортанды, Астрахан және Егіндікөл аудандарының төтенше жағдайлар бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ Степногорск қаласының командасы қатысты.

    Қатысушылар спорттың үш түрі бойынша – футболдан, қол күресінен және 50 метр қашықтыққа жүзуден сынға түсті. Жарыс барысында қызметкерлер күш-қуатын, төзімділігін, ептілігін және жеңіске деген жігерін көрсетті.

    Жарыс қорытындысы бойынша Бурабай ауданында жалпыкомандалық бірінші орынды Көкшетау қаласының командасы иеленсе, Ақкөл ауданында Астрахан ауданының командасы жеңімпаз атанды.

    Мұндай жарыстар жеке құрамның дене шынықтыру даярлығын арттыруға, ұжымдық рухын нығайтуға және ауызбіршілігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар спорттық іс-шаралар құтқарушылардың күш-қуат пен төзімділікті, сондай-ақ үйлесімді іс-қимылды талап ететін қызметтік міндеттерді орындауға дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары