
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Аумақтық бөлімшелер арасында "Үздік штаб үстелі" және "үздік қауіпсіздік посты"атақтарына конкурс өткізді. Байқауға облыстың ТЖД барлық аумақтық бөлімшелері қатысты. Іс-шара барысында қызметтің ұйымдастырылуы, жұмыс орындарының жай-күйі, белгіленген талаптардың сақталуы және бөлімшелердің қойылған міндеттерді орындауға дайындығы бағаланды. Жеңімпаздарды білікті қазылар алқасы анықтады. Байқау қорытындысы бойынша екі номинация бойынша — "Үздік штаб үстелі" және "Үздік қауіпсіздік посты" — бірінші орынды Шортанды ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің №18 өрт сөндіру бөлімі иеленді. Қызметті ұйымдастырудың жоғары деңгейін көрсеткен бөлімше қызметкерлері грамоталармен марапатталды. Мұндай іс-шараларды өткізу бөлімшелерді тұрақты дайындықта ұстауға, қызметті ұйымдастыруды жетілдіруге және азаматтық қорғау жүйесі қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.









